Қырғыз мұражайында Айвазовскидің картинасы жоғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз мұражайында Айвазовскидің картинасы жоғалды

Қырғыз мұражайында Айвазовскидің картинасы жоғалды

Қырғызстан астанасында мұражайдан Иван Айвазовскидің

  • 30 Желтоқсан 2013
  • 393
Фото - Caravan.kz

1866 жылғы «Қырымдағы теңіз көрінісі» атты картинасы ұрланды. Бұл туралы  Бішкек қалалық ішкі істер бас басқармасы мәлімдеді.

27 желтоқсанға қараған түні Қырғыз ұлттық бейнелеу өнер мұражайының қызметкерлері корпоративтік кеш өткізіп, кеш қайтқан. Ұрлық таңертең анықталған.

Мұражай қызметкерлері оны өздері іздестірген, таңертең милицияға жүгінген.


Көлемі 47х53,5 см құрайтын картина екінші қабаттағы орыс бейнелеу өнерінің көркемөнер залында орналасқан.

Қазір картинаны іздеуге қалалық ішкі істер басқармасының бүкіл құрамы жұмылдырылды.