Сымдардың мұздануы 28 желтоқсаннан басталған екен. Сондықтан өңірдегі 7 ауданда бірден төтенше жағдай деп тіркеліп, мамандардың бақылауына алынған. Мың километрдан аса сымдарды мұз басып, іске жарамсыз болып отыр. Салдарынан, жергілікті тұрғындар мен мамандар қатқан мұзды өз күштерімен тазалап әлек. Айта кету керек, табиғаттың тосын мінезінен аудандағы үш бірдей ірі аурухана мен әлеуметтік нысандар да электр қуатынсыз қалды. Қазір бұл олқылықтың орнын түзету үшін арнайы дизельді генеторлар жөнелтіліпті. Әзірге қалыпқа келтіру жұмыстары басталғанымен, жарықтың қашан қосылары белгісіз.