Қырғызстан аумағында бір сағаттың ішінде екі рет жер сілкінді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан аумағында бір сағаттың ішінде екі рет жер сілкінді

Қырғызстан аумағында бір сағаттың ішінде екі рет жер сілкінді

«ҚР БҒМ СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісімен бүгін алматы уақыты бойынша 06:45:29-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

  • 31 Желтоқсан 2013
  • 285
Фото - Caravan.kz

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 430 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпуінің энергетикалық күші — 8.9. магнитудасы MPV — 3.9. Тереңдігі — 15 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәліметтер жоқ.

Сонымен бірге, «ҚР БҒМ СТӘЭ» сейсмикалық стансалар желісі сейсенбі күні Алматы уақытымен 07:30:46-да жер сілкінісін тіркеді.


Жер асты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай Қырғызстан аумағында орын алды. Жер сілкінісінің энергетикалық күші — 8.7. Магнитудасы MPV — 3.6. тереңдігі — 15 шақырым. Жер асты дүмпуінің сезілгені жайлы мәліметтер жоқ.