Ақмола облысында «сынбайтын» пима шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында «сынбайтын» пима шығарылады

Ақмола облысында «сынбайтын» пима шығарылады

Отандық өндіріске жаңалық енгізу - бүгінгі күннің басты талабы. Ақмола облысы Кіндік-қарағай ауылының тұрғыны Ақайдар Дайыров өзі ойлап тапқан жаңа тәсілді пима цехында пайдаланып жүр. Ол осындай жолмен ешқандай химиялық қоспасыз пима тігіп, отбасылық бизнес ашты, деп хабарлайды Baq.kz.

  • 6 Қаңтар 2014
  • 778
Фото - Caravan.kz

«Өнерліге өріс кең» дегенді жиі айтатын Ақайдар Дайыров пима тігу ісін жетік меңгерген жан. Үйінің қасынан шағын цех ашып, арнайы құрылғы сатып алған. Енді оған өзі ойлап тапқан жаңалықты енгізіп, жұмыс қарқынын жылдамдатып отыр.

Екінші жаңалығы, пима басуға арналған ыстық суды пеш арқылы қайта пайдаланып дайын өнімді кептіруге қолданған. Сондай-ақ, осы пешпен цех ішіне де толық жылу беріп тұр. Ал, бұған дейін пима кептіруге жанармай немесе электр қуаты жұмсалған екен. Ол қосымша қаржыны талап еткен.


Шағын цехта күніне екі-үш жұп киіз аяқкиімдер басылады. Бағасы да келісімді. Содан болар алыс ауылдардан да арнайы тапсырыстар түседі екен. Бастысы, бір отбасы осы іспен нәпақа айырып отыр.

«Мемлекет қолдау білдіріп, субсидия бөлсе, шағын цехты үлкейтіп, пима зауытын ашуға мүмкіндігім бар»,-дейді кәсіпкер. Өйткені, қысы суық солтүстік аймаққа қажетті бұл аяқкиімдердің 85 пайызы Ресейден келеді екен. Оның үстіне пима тігуге қажетті шикізат қой жүні ауылдан-ақ молынан табылады.