Үкіметте Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы автожол жобаларының іске асырылу барысы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы автожол жобаларының іске асырылу барысы талқыланды

Үкіметте Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы автожол жобаларының іске асырылу барысы талқыланды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен ағымдағы жылғы 26 маусымда Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша кеңес өтті.

  • 10 Шiлде
  • 2
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ кеңес барысында Мемлекет басшысының «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» жобаларын іске асыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды.

Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындау жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын тиісті Жол картасы бекітілді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары аталған автожол жобаларын іске асыру Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Жол картасы іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту және белгіленген мерзімдерді сақтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.