Ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті - Астана - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті - Астана

Ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті - Астана

Астанада кеше «СЗЦ Астана-Агро» ЖШС көкөніс қоймасының аумағында «Volvo» жүк көлігі отқа оранды.

  • 6 Қаңтар 2014
  • 331
Фото - Caravan.kz

Тілсіз жау 25 минуттан кейін ауыздықталды. Отты сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 14 техникасы мен жеке құрамының 55 адамы жұмылдырылды. Автокөлік салонынан туған жылы белгісіз ер адамның денесі табылды.

Одан басқа жексенбі күні таңертең Ақтөбе қаласында тұрғын үйде 60 шаршы метр аумақта өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ.


Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының ТЖД «МАО» ММ 1 техникасы мен 3 адамы; өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамының 15 адамы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 51 жастағы ер адамның мәйіті табылды.