Алматыда жол белгілерін шығаратын зауыт өртеніп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол белгілерін шығаратын зауыт өртеніп жатыр

Алматыда жол белгілерін шығаратын зауыт өртеніп жатыр

Алматыда жол белгілерін шығаратын зауыт өртеніп жатыр, деп хабарлады tengrinews.kz порталы СТВ телеарнасының «Территория происшествий» бағдарламасына сілтеме жасап.

  • 6 Қаңтар 2014
  • 274
Фото - Caravan.kz

Алдын ала мәліметтер бойынша Қазыбаев көшесінде орналасқан зауыттың шамамен 600 шаршы метр аумағы отқа оранған. Дәл қазіргі уақытта өрт сөндірушілер тілсіз жаумен алысуда. Оқиға орнына 12 өрт сөндіру көлігі, сондай-ақ барлық шұғыл әрекет ету қызметі жеткен. Бүгін зауыт жұмыс істемегендіктен адамдарды қауіпсіз жерге көшіру шаралары жүргізілген жоқ. Өрт орын алған аймақ толығымен қоршауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қарашасында Алматыдағы ауыр машина жасау зауыты аумағында да өрт шығып, 200 шаршы метр аумақты шарпыған болатын.