Аязда айдалада қалғандар құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аязда айдалада қалғандар құтқарылды

Аязда айдалада қалғандар құтқарылды

Солтүстік Қазақстан облысында үскірік аязда автобустары сынып, айдалада қалған 45 адам құтқарылды. Араларында екі сәби бар.

  • 7 Қаңтар 2014
  • 220
Фото - Caravan.kz


Кешқұрым Петропавлдан Қарағандыға шыққан автобус шамамен 70 шақырым жол жүріп барып бұзылған. Күн райы да сол сәтте -30 градустан төмен болыпты. Қаңтарылып тұрған көлікті полицейлер байқаған. Өзге автобустар жеткенше олар 45 адамға ыстық тамақ пен сусын жеткізген. Жолаушылардың бәрі кейін сапарларын аман-есен жалғастырыпты. Ал бұзылған автобус екі жүргізушісімен облыс орталығына жөнелтілді.