Ақтаудағы гимназияда өрт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтаудағы гимназияда өрт болды

Ақтаудағы гимназияда өрт болды

Кеше Ақтау қаласының мектепке дейінгі гимназиясының екінші қабатын жалын шарпыды.

  • 8 Қаңтар 2014
  • 421
Фото - Caravan.kz

Абырой болғанда, мереке күні болғаннан кейін мектепте балалар болмаған.

Маңғыстау облысының ТЖ департаментінің апаттық-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіру қызметінің өкілдері өрттің тұтануына жылытқыш себеп болуы мүмкін деп болжап отыр. «2 шаршы метр аумақ отқа оранды. Кілем жанып кетті, ғимаратта киіз үй болған, ондағы көрпе, қуыршақтардың бәрі өртеніп кетті. Бөлменің терезелерін ауыстыру керек. Әзірге мен келтірілген залал мөлшерін айта алмаймын», — деді №24 гимназияның директоры Лариса Казакова.

«Оқиға орнында 6 техника жұмыс істеді. Құтқарушылар мектепке дейінгі ұйымның 5 қызметкерін қауіпсіз жерге шығарды», — деді Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшысы Назарәлі Селимов.