Түрмеден қашқан қылмыскер аязға шыдамай камерасына қайта оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрмеден қашқан қылмыскер аязға шыдамай камерасына қайта оралды

Түрмеден қашқан қылмыскер аязға шыдамай камерасына қайта оралды

АҚШ-тың Кентукки штатында түрмеден қашқан қылмыскер аязға шыдай алмай абақтыға қайта оралған.

  • 8 Қаңтар 2014
  • 277
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында жергілікті Lex 18 телеарнасы хабарлады.

 Ұрлық және майда заң бұзушылықтары үшін сотталған 42 жасар Роберт Вик Лексингтон қаласының түрмесінен өткен аптаның соңында қашып кеткен болатын. Алайда, араға бір күн салып қылмыскер өзі жатқан абақтыға қайта оралды. Оның айтуынша, ол аяздан қатты жаурап, тәртіп сақшыларына берілуден өзге амалы қалмаған.

Полицейлер болса қашқын түрмеге "тісі тісіне тимей" дірілдеп келді деп отыр. Айта кетейік, бүкіл АҚШ тұрғындарын әбігерге салған аяздың беті Кентукки штатында да әлі қайтқан жоқ. Қазір мұнда минус 20 градус.


Вик дәрігерлердің қарауынан кейін өз камерасына қайта оралды, деп хабарлайды Baq.kz.