Түркі әлемінің классикалық музыка жауһарлары Түркия елінің сахнасында әуелейді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркі әлемінің классикалық музыка жауһарлары Түркия елінің сахнасында әуелейді

Түркі әлемінің классикалық музыка жауһарлары Түркия елінің сахнасында әуелейді

«ХХ-ХХІ ғасырдағы түркі композиторларының музыкасы» атты ТҮРКІСОЙ халықаралық музыкалық жобасы 2013 жылдың ағымында Алматы, Астана, Қарағанды, Бішкек, Санкт-Петербор залдарында түрлі елдердің симфониялық ұжымдарымен орындалды.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 454
Фото - Caravan.kz


Бұл шаралар 2014 жылдың қаңтарында жалғасын таппақ. 19-27 қаңтарда Түркияның Трабзон, Орду, Самсун, Анкара, Эскишехир және Бурса қалаларында Қарағанды мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Түркі әлемінің классикалық музыкасының жауһарлары» концерті өтеді. Оған ТҮРКІСОЙ -ға мүше мемлекеттердің солистері қатысады.
Концерттік бағдарламада қазақтың Е.Рахмадиев, А.Бестібаев және Т.Қажғалиев сынды сазгерлерінің туындыларымен бірге, Қара Қараев, Ф.Амиров және У.Гаджибеков (Әзірбайжан), М.Тәджиев (Өзбекстан), Т.Эрденер және У.Ж.Эркин (Түркия), М.Бегалиев (Қырғызстан), Р.Непесов (Түрменстан), Н.сДәуітов (Башқұртстан, РФ) және Ф.Ярулиндей (Татарстан, РФ) түркі әлемінің қазіргі заманғы композиторларының әуендері орындалады.

Перейти к новостям спорта