«Барыс» тағы жеңіліс тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» тағы жеңіліс тапты

«Барыс» тағы жеңіліс тапты

Астананың «Барысы» өз айдынында қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты.  Бұл жолы жерлестеріміз Батыс конференцияның аутсайдары Минскілік  «Динамоға»  жол берді.

  • 22 Қаңтар 2014
  • 218
Фото - Caravan.kz

Кездесудің үшінші  минутында ойыншы санының басымдығын  епті пайдаланған «Барыс» есеп ашты. Көзге түскен Брэндон Боченски. Таблодағы осы нәтиже  көпке дейін өзгере қойған жоқ. Өкінішке орай  шешуші кезеңнің ортасында  «Барыстың» қорғаушыларын сан соқтырған Андрей Стас таразы басын теңестіріп кетті. Осы голдан жігерленген беларусь хоккейшілері,  овертаймның 2-ші минутында жеңісті жұлып кетті. Бұл шайбаны Лукаш Крайчек соқты. Мұның алдында  «Донбасс» пен «Медвешчактан» ұтылған   «Барыс»  соңғы үш турдан бері  өз жанкүйерлерін қуанта алмай келеді. 

 

Бұл күндері теннис жанкүйерлерінің назары Аустралияға ауған. Үлкен дулыға аясындағы жылдың алғашқы бәсекесі тартысты өтуде. Мәселен чех Томаш Бердых өз карьерасында тұңғыш рет Australian Open додасының жартылай финалына жолдама алса, осы турнирдың басты фавориты Новак Джокович 5 сетке созылған матчта швейцариялық Станислас Вавринкаға есе жіберді.

Жарыстың жетінші ракеткасы Томаш Бердых биылғы турнирға жақсы дайындықпен келген. Ширек сында Кевин Андерсонды үш сетте жеңген Бердых бұл жолы испандық Давид Феррерге еш мүмкіндік бермеді. 3 сағат 4 минутқа созылған бәсекеде Бердых 6:1, 6:4, 2:6 және 6:4 есебімен жеңісті тойлады. Енді ол Джоковичты ұтқан Станислас Вавринкаға қарсы ойнайды. Ал әйелдер арасында сербиялық  Ана Иванович ширек финалда сүрінді. Үш партияға созылған кездесуде ол канадалық Эжани Бушарға есе жіберді. Енді Бушар келесі кезеңде қытайлық Ли Намен шеберлік байқаспақ.    

 


Футболдан Қазақстан чемпионатаның биылғы жылғы кестесі жарияланды. Жаңа маусымды еліміздің жастар құрамасы бастамақ. Олар 5-ші наурызда 2015-ші жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Исландиямен кездеседі.

Ел біріншілігі басталмас бұрын 9-шы наурызда “Шахтер” мен “Ақтөбе” суперкубокты сарапқа салады. Ал чемпионаттың алғашқы туры 15-ші наурызға жоспарланған. Бірінші айналымда “Ақтөбе” “Таразбен”, “Ертіс” “Шахтермен” өзара мықтыны анықтайды. Биылғы пример лигаға жолдама алған семейдің “Спартагы” алғашқы матчын сырт алаңда қостанайдың “Тобылына” қарсы өткізсе, қызылордалық “Қайсар” шымкенттік “Ордабасымен” кездеседі. Сондай-ақ “Қайрат” алматыда атыраулық футболшыларды қабылдайды.