Пәкістанда автобустағы жарылыс салдарынан 20-дан аса адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәкістанда автобустағы жарылыс салдарынан 20-дан аса адам қаза болды

Пәкістанда автобустағы жарылыс салдарынан 20-дан аса адам қаза болды

Пәкістандық Белуджистан провинциясында автобуста болған жарылыс салдарынан кем дегенде 22 қажы шиіт қаза болды, 20 адам жарақат алды, деп хабарлады Би-би-си телерадикорпорациясы.

  • 22 Қаңтар 2014
  • 205
Фото - Caravan.kz

Жергілікті басшылық өкілдерінің айтуынша, жарылыс кезінде автобуста 51 жолаушы болған.

Жарылыс орнында жүргізілген сараптаманың жеткіліксіздігінен тоғыз адамнан әзірге хабар жоқ.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда, жарылыс Кветтадан 60 шақырым жерде екі автобустың бірінде болған, бұл автобустар Ираннан қайтқан қажыларды күзетпен әкеле жатқан болатын.

Билік әзірге автобустың ішінде қандай жарылғыш заттың болғандығын және терактіні жанкешті террорист жүзеге асырды ма, ол жағын білмейді.