Талдықорғанда тропикалық көбелектер көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талдықорғанда тропикалық көбелектер көрмесі ашылды

Талдықорғанда тропикалық көбелектер көрмесі ашылды

Талдықорғандағы М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайында тірі тропикалық көбелектердің көрмесі өтуде.

  • 24 Қаңтар 2014
  • 527
Фото - Caravan.kz

 Көрме үшін жасанды гүлдермен безендірілген арнайы бөлінген жылыжайда көбелектер ұшып жүр: Палинур желкені, Румянцев желкені, Графиум, Лови желкені, Алтын Құсқанаты, Идея Левконоя, Калиго, Коцебу. Көбелектердің бұл экзотикалық түрлері Талдықорғанға бірінші рет әкелінген. Оның жанынан ашылған контейнерде қуыршақтар бар, олардан күн сайын жаңа көбелектер шығады.

Музей қызметкері Роза Бержанованың хабарлауынша, көрмеде көбелектердің 13 түрі таныстырылған. Жәндіктердің қуыршақтарын Филиппиннен әкелген.

Мұражай қонақтары бірнеше күн бойы кейбір ірі көбелектердің ұшуын бақылауда.


Көбелектердің 26-32 градус қолайлы температурада және жоғары ылғалдылықта бір күннен бір аптаға дейін өмір сүретінін атап өту керек. Көбелектерді апельсиндермен қоректендіреді.

Перейти к новостям спорта