Боранға байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боранға байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

Боранға байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

Еліміздегі бірқатар өңірлерде ақтүтек боран соғып тұр. Қауіпсіздік үшін бірнеше бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің ақпараттық порталында.

  • 27 Қаңтар 2014
  • 281
Фото - Caravan.kz


Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Ақтөбе-Астрахань» жолы, «Ақтөбе-Орск»; «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолдары автокөліктердің барлық түрлері үшін жабылды.
Қарағанды облысында да ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Екатеринбург» (Қарағанды-Балқаш, Балқан-Сарышаған учаскелері), «Қызылорда-Павлодар» (Қарағанды-Жезқазған); Жезқазған-Петропавл (Сәтпаев-Ұлытау) жолдары жабылды.
Ауа райының құбылуына байланысты Қостанай облысында «Қарабұтақ-Денистовка-Рудный-Қостанай»; «Жезқазған-Петропавл», «Жітіқара-Қамысты-Лермонтовка», «Денисовка-Жітіқара-РФ шекарасы» жолдары барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.