ЖИ нейрожелілерді үйрету үшін Германиядағы ескі кітаптарды жаппай сатып ала бастады  - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЖИ нейрожелілерді үйрету үшін Германиядағы ескі кітаптарды жаппай сатып ала бастады 

ЖИ нейрожелілерді үйрету үшін Германиядағы ескі кітаптарды жаппай сатып ала бастады 

Компаниялар нейрожелілерді үйрету үшін қағаз кітаптарды сатып алып жатыр.

  • 8 Шiлде
  • 2
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Германияда антикварлық кітап дүкендерінің иелері ескі кітаптарға деген сұраныстың күрт артқанын байқады. Deutsche Welle хабарлағандай, оларды жасанды интеллект әзірлеумен айналысатын компаниялар жаппай сатып алуда.

Кітаптарды нейрожелілер мен чат-боттарды үйрету кезінде пайдалану үшін электронды форматқа көшіру мақсатында сатып алады. Әзірлеушілерді көбіне тарих, лингвистика, экономика және құқық бойынша ғылыми және мамандандырылған кітаптар қызықтырады. Бұл кітаптарда интернетте некен-саяқ кездесетін сирек сөздер, ескі тілдік формалар және басқа да ақпараттар бар.

Сатушылардың айтуынша, кейбір тапсырыстардың ауқымдылығы сонша — олар тіпті бір жылдық табыспен теңеседі. Айта кету керек, сонымен қоса  жылдар бойы сұраныссыз жатқан кітаптар да сатып алынуда.

Сұраныстың күрт арту себебі

Сарапшылардың пікірінше, ЖИ әзірлеушілері қолжетімді цифрлық мәтіндердің үлкен бөлігін пайдаланып қойған. Енді оларға әлі электронды форматқа көшірілмеген қағаз кітаптар қажет.

Бұған дейін The Washington Post газеті америкалық Anthropic компаниясы сканерлеу үшін миллиондаған баспа кітаптарын сатып алғанын хабарлаған болатын. Процесті тездету үшін кейбір даналардың мұқабаларын кесіп тастаған. Соның салдарынан кітаптар электронды форматқа көшірілгеннен кейін іс жүзінде жойылып кеткен.

Неміс кітап саудагерлері бұл жаппай сатып алу құнды қағаз басылымдардың жоғалуына әкеп соғады деп қауіптенеді. Олар билікті бұл жағдайға назар аударуға шақыруда. Өйткені мәселе тек авторлық құқықтарда ғана емес, сонымен бірге мәдени мұраны сақтауда болып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, әзірлеушілер үшін әсіресе, 1970-ші жылдардан бастап жарық көрген кітаптар үлкен құндылыққа ие. Олардың көбі әлі күнге дейін авторлық құқықпен қорғалған және толыққанды электронды көшірмелері жоқ.