Қарағанды облысында арнайы мектепте оқитын үш қыз күретамырын тілген - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында арнайы мектепте оқитын үш қыз күретамырын тілген

Қарағанды облысында арнайы мектепте оқитын үш қыз күретамырын тілген

Қарағанды облысында тәртібі нашар жасөспірімде оқитын арнайы мектептің үш тәрбиеленушісі ауруханаға түсті.

  • 27 Қаңтар 2014
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Кеше кешкісін тәртібі нашар балалар оқитын арнайы мектеп интернатында 1998 және 1999 жылғы үш қыз қолының күретамырын тілген», — деп бүгін Бұқар жырау ауданының прокуратурасы мәлімдеді.

Дәрігерлер оларға көмек көрсетті, қазір жағдайлары қанағаттанарлық.

«Қыздар осы мектепте оқитын 1999 жылы туған жеткіншек бала өздерін мазақтап, күн бермегені үшін осындай қадамға барғандарын айтады. Тексеру кезінде олардың сөзі расталды», — дейді прокуратура.

Қыздар шағымданған жеткіншек бала психикалық ауруға шалдыққан екен. Қазір оны Қарағандының психиатриялық ауруханасына орналастырған.


Қыздардың топ болып өздеріне қол салу фактісі бойынша тексеру жалғасуда.