Ағаштарды кесуден келген шығынды қалпына келтіру тетігін өзгерту қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағаштарды кесуден келген шығынды қалпына келтіру тетігін өзгерту қажет

Ағаштарды кесуден келген шығынды қалпына келтіру тетігін өзгерту қажет

Қазақстанның орман ағаштарын кесуші табиғат пайдаланушылары «бір ағаш кессең – екі тал ек»

  • 27 Қаңтар 2014
  • 579
Фото - Caravan.kz

қағидасы бойынша шығынды өтеуі тиіс, деп бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

«Орман шаруашылығының шығынын тең тұрғыдағы алаңдарда ағаш отырғызу арқылы өтеу тетігін енгізу қажет. Орман қоры қолына өтетін абиғат пайдаланушылар кескен ағаш орнын «бір ағаш кессең, орнына екі тал ек» деген қағида бойынша қалпына келтіру қажет», — деп Б.Сағынтаев Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің алқа отырысында атап көрсетті.

Соңғы он жылда орман қорының 50 мыңнан астам гектары басқа санатқа ауыстырылды. Ал оның орнына тең тұрғыда телімдер берілмеді, сондықтан қазіргі кезде шығынды өтеу тек ақшалай түрінде қаралған», — дейді Б.Сағынтаев.