Ержан Өтембаев оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс бермегенін мәлім етті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ержан Өтембаев оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс бермегенін мәлім етті

Ержан Өтембаев оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс бермегенін мәлім етті

Осыдан жеті жыл бұрын белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтірді деген айыппен істі болған Ержан Өтембаев бұл қылмысты жасамағанын мәлім етті.

  • 27 Қаңтар 2014
  • 614
Фото - Caravan.kz

«Қамалғаннан кейін ештеңе түсінбей қалдым. Болып жатқан оқиға басқа сыймайтын еді. Сөзіме ешкім сенген жоқ. Мен күйзеліске түстім, бір пәле жақындап қалғандай күй кештім. Өз-өзіме жала жаптым, неліктен олай істегенімді қазір түсіндіре де алмаймын», — деді Е.Өтембаев дүйсенбідегі сот процесінде.

Таңертең ол Рүстем Ибрагимовтан оппозиционерді «бір сілкіп алуды» сұрағанын айтқан болатын. Е.Өтембаев жарияланған мақалалардың бірінде өзі жайлы теріс пікір білдірген оппозиционерге ренжіген көрінеді.