сотта қылмысты Ержан Өтембаевтың емес, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевтың тапсырысымен жасағанын растады.
«Мұсаев маған Сәрсенбаевты аңдып, Өтембаевпен араласуды тапсырды. Болған жайды өзіне баяндап отыруымды сұрады. Ол әрі қарай Рахат Әлиевке жеткізуі тиіс болатын. Мен жұмысымды істедім (…). Бұл тірлік маған да ұнаған жоқ, сосын мен бұл жайында Мұсаевпен сөйлесуге бел будым. Ол маған айқайлады. «Үкіметтің тапсырмасы» болғандықтан бұдан «секіріп» кете алмайтынымды айтты», — деді Р.Ибрагимов.