Шәкіртінің кекілін кескен мұғалім сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шәкіртінің  кекілін  кескен мұғалім сотталды

Шәкіртінің кекілін кескен мұғалім сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында оқушының маңдайына «екі»  деп жазып берген ұстаздың құқы бір жарым жылға шектелді. Қымбат Әсемжанова баланың ата-анасына бұдан өзге 60 мың теңге моральдық шығын өтеп беруі тиіс. Математика пәнінің мұғаліміне сот осындай үкім кесті.

  • 28 Қаңтар 2014
  • 345
Фото - Caravan.kz


Оқиға Жамбыл ауданындағы орта мектепте жаңа оқу жылының басында  болған еді. Математика пәнінің мұғалімі сабаққа дайындықсыз келген балаға қол жұмсап, маңдайына қаламмен «екі» деп жазып берген. Кейін оқушының ата-анасы ұстазды сотқа беріп, бір миллион теңге моральдық шығын өтеуді талап еткен-ді. Алайда сот айыпты адамның жүкті екенін ескеріп, бір жарым жылға оның бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Сондай-ақ баланың ата-анасына 60 мың теңге төлеуі тиіс. Қазір Қымбат Әсемжанова мен мектеп директоры жұмыстарынан қуылған.