деп Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.
«Бағдарламаның ерекше буыны өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігін (ӨКЖ) енгізу болып табылады. Тауарлар мен қаптамалар өндірушілердің немесе импорттаушылардың міндеттерін заңмен бекіту, оларды пайдаланғаннан кейін қалыптасатын қалдықтарды жинау және өңдеуді жүзеге асыру қажет», — деп министр бүгін Астанада 2050 жылға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасын таныстыру кезінде атап көрсетті.
Оның айтуынша, ӨКЖ қағидасы қалдықтардың барлық түрлеріне бірдей қатысты емес.
Әлемдік тәжірибеде ӨКЖ әдетте ескі көліктерге, пайдаланылған шиналарды, аккумуляторларға, батареяларға және қаптамаға қолданылады. ӨКЖ таралатын тауарларды өедірушелір өз қауымдастығы мен қорларын құрып, ақша шоғырландырып, оны өздері басқаруы жоспарланған. ӨКЖ шеңберінде алынған қаражатты бұл қауымдастықтар тауарлар қаптамасын жинайтын қосындар, оларды өңдейтін немесе кәдеге жарататын нысандар құруға жіберіледі.
Бұл әлемдік тәжірибеде ӨКЖ қағидаларын жүзеге асыру үшін белсенді тартылған шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ӨКЖ қағидаларын енгізу қазір жұмыс істеп тұрған астаналық шиналарды кәдеге жарату зауытының жүктеме міселесін шешуге көмектеседі, қзаір зауыттың жүктемесі 30% жуық. Келешекте мұндай зауыттың тағы бірнешеуі салынуы мүмкін.