Қазақстанда өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі енгізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі енгізілмек

Қазақстанда өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі енгізілмек

Қазақстанда өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі (ӨКЖ) енгізіледі.

  • 28 Қаңтар 2014
  • 561
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасының жобасын таныстыру кезінде ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

«Тауарлар мен қаптамалардың өндірушілері немесе импорттаушыларына заттар пайдаланылғаннан кейін оларды жинау мен қалдықтарды қайта өңдеуді заңнамалық түрде бекіту керек», — деді министр. Айта кетейік, өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі ұстанымы қалдықтардың барлық түрлеріне таралмайды. Әлемдік тәжірибеде ӨКЖ ұстанымдары ескі автокөліктерге, пайдаланылған шиналарға, аккумуляторлар мен батареяларға, қаптамаларға қатысты.

Оның пайымынша, бұл бағыттағы шаралар ӨКЖ ұстанымдарын жүзеге асыру үшін шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.


Сонымен қатар өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі шиналарды кәдеге жарату бойынша Астанада іске қосылған зауыттың мәселелерін шешуге ықпал етпек. Бүгінде бұл зауыттың 30 пайыздық  қуаты пайдаланылуда.

«Болашақта Қазақстанда осындай бірнеше зауыттың құрылысы жүзеге асырылуы мүмкін»,-деп түйді Н. Қаппаров.