Дәурен Құрманғалиев бұл қызметін 2 млн теңгеге бағалаған. Кәсіпкер сценарий бойынша параны атқамінердің жүргізушісі арқылы жеткізуге келісіпті. Ақшаны алу кезінде алдымен орынбасардың сол жүргізушісі, кейін қомақты қаржыны қызметтік кабинетінде алу кезінде шенеуніктің өзі де қолға түскен. Бар кінәсін мойындаған ол қазір үй қамауда отыр. Айта кету керек, Дәурен Құрманғалиев басқарма басшысы лауазымында бар болғаны үш-ақ ай қызмет етті.