Пәтерін теңге басатын цехқа айналдырған - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәтерін теңге басатын цехқа айналдырған

Пәтерін теңге басатын цехқа айналдырған

Алматыда жалған ақша жасап келген қылмыстық топ қолға түсті. Пәтерді жалға алған жігіттер екі компьютер және кәдімгі принтердің көмегімен теңгені көшіріп басқан.

  • 29 Қаңтар 2014
  • 286
Фото - Caravan.kz


Пысықайлардың қолынан шыққан 2000 және 5000 теңгелік банкноттардың сапасы да айтарлықтай. Арнайы құрылғы немесе білікті маман болмаса түпнұсқадан айыру қиын. Мұндай жалған теңгелердің қаншасы айналымға түсіп кеткені белгісіз. Тәртіп сақшылары қылмыс үстінен түскенде екі алаяқ 200 мың теңгені дайындап қойған екен. Қалған қағаздағы көшірмелерін диван астына жасырыпты. Айта кетсек, екі күдікті бұған дейін де жалған ақша жасап сотталған. Түрмеде түзелмегендер, темір тордан шыға сала ескі әдеттеріне қайта басса керек.