Аймақ тұрғындарының ұялы телефондарына боран соғып, аяз көтерілетіні туралы хабарлама келген. Мамандар «облыста жел күшейіп, жылдамдығы 23 м/с дейін барады, бұған қоса температура төмендейді» деп отыр. Синоптиктердің айтуынша, облыстың кейбір аудандарында күн райы -30 градусқа дейін төмендейді.