Британиялық дәрігерлер оқушы қыздың миына желім құйып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Британиялық дәрігерлер оқушы қыздың миына желім құйып жіберген

Британиялық дәрігерлер оқушы қыздың миына желім құйып жіберген

Британияның Great Ormond Street ауруханасының қызметкері шприцтерді шатастырып алып, 13 жасар оқушы Маиша Наджибтің миына желім құйып жіберген.

  • 29 Қаңтар 2014
  • 360
Фото - Caravan.kz


Инъекция қыздың миына орны толмайтын залал әкелді. Оның ақыл-ой қабілетіне зақым келіп, бала мүгедектер арбасына таңылды.

Лондонның жоғарғы соты медициналық мекемеге Наджибтің отбасына 2,8 млн. фунт көлемінде өтемақы төлеуді міндеттеді. Сонымен бірге, аурухана қыздың ата-анасына баланы асырауы үшін 423 мың фунт өтемақы төлеуі тиіс. Маиша 19-ға келгенде жыл сайынғы өтемақы 423 мың фунтқа дейін өседі. «Қыз бала 64 жасқа дейін өмір сүруі мүмкін», —  дейді дәрігерлер.

«Оның өміріне балта шабылды, барлық армандары орындалмайтын болды. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды деп үміттенемін», — деді Маишаның әкесі Садир Хуссей Наджиб.