деп хабарлайды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Режиссерге картинаны Франция көрермендеріне таныту үшін 15 мың еуро көлемінде сыйақы берілді.
Халықаралық қазылар алқасына Мария де Медейрушпен қатар, режиссер Катрин Корсини, актриса Элиза Ласовски, сценарий жазушы Анна-Луиза Тривидик, режиссер Надир Мокнеш енген.
Эмир Байғазиннің бұл туындысы Еуропада және АҚШ-та өткен ондаған кинофестивальдардың жүлдесіне ие болғандығын айта кетейік, ең алғашқы жүлде Берлин кинофестивалінде үздік операторлық жұмысы үшін берілді және «Morgen Post» газетінің арнайы сыйлығы табысталды.
Premiers Plans халықаралық фестивалі 2014 жылдың 17-26 қаңтар аралығында өтті. Онда шамамен әлемнің әр түкпірінен 80-нен астам фильм ұсынылды.