Таразда жолаушылар автобусының «жарысы» қайғылы оқиғамен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда жолаушылар автобусының «жарысы» қайғылы оқиғамен аяқталды

Таразда жолаушылар автобусының «жарысы» қайғылы оқиғамен аяқталды

Таразда жолаушылар автобусының «жарысы» қайғылы оқиғамен аяқталды.

  • 30 Қаңтар 2014
  • 350
Фото - Caravan.kz


«Самал» шағын ауданында Б.Момышұлы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында №55 автобус №12 автобусқа соғылды.
Осы салада 13 жыл еңбек етіп келе жатқан №12 автобустың жүргізушісі Жеміс Сағындықовтың айтуынша, ол кезде бағдаршам жұмыс істемей, жолдағы қозғалысты МАИ қызметкері реттеп тұрды. «Мен реттеушінің сілтеуімен бұрылып келе жатқанымда, №55 автобус зымырап келіп, полицейдің жанынан өте шығып, тура маған қарай ұшып келді. Көктайғақта әрең дегенде бұрылып үлгердім, сонда да автобустың сол жағын іліп кетті», — деп оқиғаның мән-жайын тарқатты ол.
Оқиға салдарынан №12 автобустың 4 жолаушысы зардап шекті. Олардың бірі 45 жастағы Тараз қаласының тұрғыны Елена Толстихинаның беті бірнеше жерден тілініп, басына, миына зақым келді. Ол сол жерден ауруханаға жеткізілді.
Аталған оқиғаға байланысты әкімшілік іс қозғалды. ЖКО-дан зардап шеккен Анастасия Толстихинаның қызы автобус жүргізушілері клиентке таласып, қайтсем де пайдаға кенелсем деп, жолда жарыс ұйымдастыратынан жасырмады. Ал оның арты осындай қайғылы жағдайларға әкеп соқтырады.
Жамбыл облысы ІІД қызметкерлері ҚазАқпарат тілшісіне бұл оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ деп, өзге ақпарат беруден бас тартты.