Қазақстанда 445 адам қар құрсауында қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 445 адам қар құрсауында қалды

Қазақстанда 445 адам қар құрсауында қалды

Қазақстанда 445 адам қар құрсауында қалды, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен. 

  • 30 Қаңтар 2014
  • 404
Фото - Caravan.kz

28 қаңтарда ҚР ТЖМ «Қазаавиақұтқару» АҚ тікұшағының көмегімен Қызылорда облысының Атаншы және Беларан ауылдық округтерінен 4 адам құтқарылды.

29 қаңтарда Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш-Ембі-Ырғыз-Шалқар» жолынан 56 көлік пен (оның 19 жүк көлігі) 117 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

30 қаңтарда Ақтөбе облысының «Самара-Шымкент» тас жолындағы қалың қардан  274 адам (оның 7-уі бала) шығарылып, Хромтау қаласына жеткізілді.  Олар 2 дәмхана мен бір кемпингке орналастырылды.  Қар құрсауында 310 темір тұлпар қалған. Оның 227-сі (олардың ішіне 156 жүк көлігі) қауіпсіз жерге шығарылса, қалған 83 көлікті құтқару жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, 30 қаңтарда Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданындағы Жамбыл және Комсомол кенттерінен 16 азамат пен 6 техника қар құрсауынан шығарылды.


Ал Қостанай облысының Жітіқара, Қамысты және Таран аудандарынан 67 адам мен 2 техника қауіпсіз жерге шығарылды.

29 қаңтарда Алакөл суда құтқару стансасының қызметкерлері боран соғып тұрғанына қарамастан, Алакөл көлінен 5 автокөлікті алып шықты. Оның ішінде 15 балықшы болған. Құтқарылғандар Шығыс Қазақстан облысының Қабанбай ауылына жеткізілді. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.