Спорт жаңалықтары - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Ертең «Астана Арландары » Алматы шаршы алаңында Ресейдің «Russian Boxing Team» командасын қабылдайды. Екі клуб арасындағы матчтық кездесуді аса жеңіл салмақтағы боксшылар жұбы ашып береді.

  • 31 Қаңтар 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz

Бұл салмақта жерлесіміз Азамат Исақұлов ресейлік Белик Галановпен қолғап түйістіреді. 56 келіде астаналық Мейірболат Тойтовқа Никита Федорченко қарсы тұрса, 64 те Асхат Уәлиханов пен Григорий Лизуненко кездеседі. 75 келідегі украйналық легионеріміз Сергей Деревянченко, ресейлік клубтың дебютанты Петр Хамуковты сынаққа алады. Балуан Шолақ спорт сарайындағы бокс кешін ауыр салмақтағы боксшылар жұбы түйіндейді. Бұл салмақта осы маусым жеңілістің ащы дәмін татпаған отандасымыз Василий Левит, Ресейдің мықтысы Алексей Егоровпен күш сынасады.

 

Жасөсіпірімдер арасындағы Азия чемпионатында алты боксшымыз ақтық сыннан орын алды. Сұлтан Зәуірбек, Абылайхан Жүсіпов, Аян Қалыбеков, Вадим Казаков, Темірлан Қабиев және Елдос Қадырбаев жартылай сыннан сүрінген жоқ. Осы кезеңде жеңіліс тапқан Ертуған Зейінлинов, Иван Ковалев және Илья Овечкин Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

 

Астанада ертең теннистен Дэвис кубогы жолында Қазақстан мен Бельгия құрамалары кездесетіні белгілі. Бүгін қос команда ойыншыларының жеребе тарту рәсімі болды.

Әлемдік топтың алғашқы бәсекесін Михаил Кукушкин мен Рубен Бемельманс ашып бермек. Бұл кездесу күндізгі 12 де басталады. Осыдан кейін кортқа Андрей Голубев пен Давид Гоффен шығады. Ал жарыстың екінші күнінде Евгений Королев пен Денис Евсеев жұбы Оливье Рохус пен Киммер Коппеянға қарсы ойнайды. Турнирдың үшінші күні Қазақстанның бірінші номеры Кукушкин мен Гоффен сондай-ақ Голубев пен Бемельманс өзара мықтыны анықтайды.

 


Соңғы секундта “Штутгарт” қақпасына тамаша гол соққан Тиаго Алькантара “Баварияға” жеңіс сыйлады. Бундеслиганың кейінге шегерілген бұл бәсекесін мюнхендіктер жақын уақытта ұмыта қоймас.

Өз жанкүйерлері алдында көсіле ойнаған “Штутгарт” футболшылары 29-шы минутта есеп ашты. Комбинациялық шабуылға нүкте қойған Ведад Ибишевич. Үзіліске дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ. Тек екінші таймның ортасында Клаудио Писарро әуелеп жеткен допты қақпада тулатты. Ал төреші белгілеген қосымша 3 минуттың соңғы секундтарында допты қайшылап тепкен Тиаго Алькантара қортынды есепті орнатты. 18-ші турдан кейін “Бавария” көш басында. Оның жақын қарсыласы ливеркузендік “Байер” әзірге 13-ұпай қалып келеді.