Шымкенттен Алматыға бет алған «Setra» автобусына «Daewoo Nexia» көлігі жанай соғылыпты. Соның өзінде жеңіл машинаның сау тамтығы қалмаған. Жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Барлығы Алматы облысының тұрғындары екен. Ал, қоғамдық көліктегі 50 жолаушының барлығы аман. Қайғылы жағдайға қарсы бағытқа шығып кеткен «Daewoo Nexia»-ның жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін.