Дәрігердің өліміне қатысты аудан әкімі шатылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігердің өліміне қатысты аудан әкімі шатылуы мүмкін

Дәрігердің өліміне қатысты аудан әкімі шатылуы мүмкін

Ақтөбе облысында өзіне қол салған аудандық аурухананың бас дәрігерінің өліміне қатысты алғашқы сараптама қортындысы шықты. Байназар Шағыров ақырғы хатында қазасына Әйтеке би ауданының әкімі мен өзінің орынбасарын кінәлаған болатын.

  • 31 Қаңтар 2014
  • 201
Фото - Caravan.kz

Ал аудан басшысы Аманғали Бердалинмен аты аталған орынбасар Жақсылық Қасымов өздеріне шаң жуытпай, тіпті хатты марқұмның өзі жазды дегенге күмән келтірген-ді. Алайда, сараптама қорытындысы хат авторы марқұмның өзі екенін дәлелдеп отыр. Енді ұзаққа созылған сараптамадан кейін, қос күдікті қайта тергеуге алынатын болды.

Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастығы :   


-Өзін-өзі өлтіру фактісіне қатысы бар-ау деген адамдарды бәрін сұрау жұмыстары аяқталғанан кейін психикалық сараптаманы тағайындайды. Оны Алматы қаласына жолдау жөнінде шешім қабылданып отыр. Айтатын болсақ, қолхат бойынша ол өзі жазған деген қортындыға келдік.