Ғалымдар: ресейліктердің түбіне арақ жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар: ресейліктердің түбіне арақ жетті

Ғалымдар: ресейліктердің түбіне арақ жетті

Ресейдегі ер адамдардың төрттен бірі 55-ке жетпей өмірден өтеді.

  • 31 Қаңтар 2014
  • 300
Фото - Caravan.kz


Ғалымдардың халықаралық тобы бұны алкогольдік ішімдіктерден көріп отыр.Олардың пікірінше, алкогольдік ішімдіктердің ішінде әсіресе арақ адамға өте зиянды, деп хабарлайды Би-Би-Си.
Lancet медициналық журналында Ресейдің Барнаул, Бийск, жән Томск қалаларында 1999-2010 жылдар аралығында алкогольді тұтыну мәдениетін зерттеу нәтижесі жарияланды.
Зерттеушілер Ресейдегі ер адамдардың төрттен бірі 55-ке жетпей өмірден өтетінін атап өткен. Олардың көбісі арақты көп ішкендер болып шықты.
Ішімдікке қатты салынғандар әртүрлі қатерге тап болады. Айталық ішімдіктен уланып қалады, өзіне-өзі қол жұмсауға дейін барып, тамақ және бауыр қатерлі ісігіне шалдығып жатады.
Ұлыбританияда халықтың 7 пайызы ғана болмаса, қалған көпшілігі 55-тен асып өмір сүреді екен.
Зерттеу авторларының бірі, Оксфорд университетінен Ричард Петоның сөзіне қарағанда, орта есеппен алғанда ересек ресейлік азамат үшін жылына 20 литр арақтан келеді