Теміртауда автобустың кондукторынан жарты центнер марихуана табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда автобустың кондукторынан жарты центнер марихуана табылды

Теміртауда автобустың кондукторынан жарты центнер марихуана табылды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында автобуста кондуктор болып жұмыс істейтін азаматтан есірткі табылды.

  • 31 Қаңтар 2014
  • 297
Фото - Caravan.kz

«Кеше кешқұрым Металлургтер көшесінде Теміртау ІІБ есірткіге қарсы күрес бөлімі қызметкерлері шағын автобусты тоқтатқан. Автобустың артқы жағындағы орындықтан 55 келі марихуана салынған сөмке табылды», — деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Есірткі сол автобуста билет кесуші болып жұмыс істейтін 32 жастағы азаматқа тиесілі болып шықты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал, бұл қылмысқа жүргізушінің қатысы бар-жоғы тергеу барысында анықталады.