Қазақстан және Ресей Қорғаныс министрлерi Астанада кездестi - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан және Ресей Қорғаныс министрлерi Астанада кездестi

Қазақстан және Ресей Қорғаныс министрлерi Астанада кездестi

Бүгiн Астанада Қазақстан және Ресей Қорғаныс министрлерi Әдiлбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу кездестi.

  • 31 Қаңтар 2014
  • 581
Фото - Caravan.kz


Онда ведомство басшылары өткен жылдың қортындысын шығарып, ынтымақтастықтың болашақ әлеуетiн талқылады.
Әдiлбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу әуе шабуылына қарсы бiрыңғай қорғаныс жүйесi бойынша бiрлескен жұмыстың негiзгi жайттарына да көңiл аударды.
Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы биыл 18-22 тамыз аралығында Қарағанды облысында "Спасск" оқу орталығына ҰҚШҰ шеңберiнде Жедел ден қою күштерiнiң қатысуымен "Өзара iс-қимыл- 2014" бiрлескен оқу-жаттығуын өткiзудi ұсынды.
Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлерi әскери бiлiм саласындағы өзара iс-қимылды да талқылады. Ә. Жақсыбеков Қазақстан тарапы Ресей Қорғаныс министрлiгiнiң ғылым кандидаттары мен докторларының ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университетiнiң оқу процесiне қатысуына мүдделi болып отырғандығын жеткiздi.
Әдiлбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу кездесу қортындысы бойынша екi елдiң қорғаныс саласындағы қарым-қатынасының оң динамикасын атап өттi.