Бірқатар елдердің елшілері Қазақстан президентіне сенім грамоталарын табыстады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірқатар елдердің елшілері Қазақстан президентіне сенім грамоталарын табыстады

Бірқатар елдердің елшілері Қазақстан президентіне сенім грамоталарын табыстады

Жұма күні бірқатар мемлекеттер елшілері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын табыс етті.

  • 31 Қаңтар 2014
  • 201
Фото - Caravan.kz

«Сіздерді маңызды дипломатиялық миссияның басталуымен құттықтаймын. Астана Қазақстанда болып жатқан ауқымды өзгерістердің нышаны болып табылады (…).

Елорданың атмосферасы сіздердің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы жұмыстарыңызды жемісті болуына ықпал етеді деп сенемін», — деді Н.Назарбаев кездесуде.

Елбасына сенім грамоталарын Жапония елшісі Масаеши Камохара, Пәкістан елшісі Шаукат Әли Мукадам, Оман сұлтандығы елшісі Саид бен Мохаммед бен Әли әл-Барами, Нидерланд елшісі Хенри Хуберт Дриссер, Ауғанстан елшісі Мұхаммад Фарук Бараки табыс етті.