Оман кәсіпкерлері Қазақстандағы ірі индустриалды жобаларды жүзеге асыруға шақырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оман кәсіпкерлері Қазақстандағы ірі индустриалды жобаларды жүзеге асыруға шақырылды

Оман кәсіпкерлері Қазақстандағы ірі индустриалды жобаларды жүзеге асыруға шақырылды

Қазақстан мен Оман экономиканың бірқатар салаларындағы ынтымақтастықты жандандыруы тиіс.

  • 31 Қаңтар 2014
  • 282
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Қазақстан Оман Сұлтандығымен өзара байланыс аясын кеңейтуге мүдделі (…). Бұған сіздердің де қызығушылық танытып отырғандарыңызды білемін», — деді ол жұма күні Астанада шетел елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде.

Президент екі елдің экономикалық әлеуетін ескере отырып, ауыл шаруашылық, мұнай-химия, энергетика, көлік, туризм және құрылыс салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап өтті.

«Омандық компанияларды еліміздегі ірі индустриалды жобаларды жүзеге асыруға атсалысуға, оқы тәжірибелерімен алмасуға, қуат көздерін өндіру және тасымалдау саласындағы білімімен бөлісуге шақырамын», — деп қосты мемлекет басшысы.