Қазақстан Ауғанстанға көмектеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ауғанстанға көмектеседі

Қазақстан Ауғанстанға көмектеседі

Қазақстан Ауғанстанға көмектесуді жалғастыра береді.

  • 31 Қаңтар 2014
  • 289
Фото - Caravan.kz


Бүгін Ақордада бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Елбасы өз сөзінде Ауғанстан үкіметінің елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігеріне қолдау білдіретіндігін атап өте келе: «Қазақстан өз тарапынан Ауғанстанға гуманитарлық, экономикалық көмек беріп, инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға қатысады. Қазақстан көрші ел үшін мектептер мен ауруханалар, көпірлер салуда. Жолдарды жөндеп, қалыпан келтіруде әрі қайтарымсыз азық-түлік жеткізуде», — деді. 
Сондай-ақ Мемлекет басшысы елімізде Ауғанстан жастарына арналған арнайы оқу бағдарламасы іске қосылғандығын, соның арқасында 2020 жылға дейін Қазақстанның жоғары оқу орындарында мыңдаған ауған жасы білім алатындығын баса айтты. 
«Биыл және келесі жыл Ауғанстан мемлекеттілігінің одан ары дамуы үшін маңызды саналады. Ауған халқы бұл кезеңнен лайықты өтіп, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қалыптастырудағы өз жолын табады деп сенемін. Біз, оған мүдделік танытамыз әрі көмектесетін де боламыз», — деді Н.Назарбаев.