Ержан Өтембаевтың ісін қайта қарау жөніндегі сот процесінде айыптаушы жақ оған 15 жыл жаза тағайындауды сұрады.
«Тағылған айып бойынша Өтембаевқа қатаң тәртіпте 15 жыл жаза тағайындап, мүлкін тәркілеуді сұраймын», — деді мемлекеттік айыптаушы Ғалымжан Тілеубаев.
«Өтембаев қылмыстың алдын алуға тырыспаған. Осы әрекетіне қарап, ол бір топ адамның алдын ала келісім бойынша кісі өлтіруіне ықпалдастық жасады деуге болады», — деді прокурор.
«Сонымен қатар, Өтембаев өзі бұрын Ибрагимовке берген 60 мың долларды қайтаруға күш салмаған. Кейін Ибрагимов оны Сәрсенбаевтың өлімін ұйымдастыру мақсатында пайдаланды. Сондай-ақ, Өтембаев ұйымдастырылып жатқан қылмыс туралы құқық қорғау орындарына хабарламаған», — деді Ғ.Тілеубаев.