"Парасат" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингтің мамандарымен бірлесіп биомассадан генераторлы газ, биодизель және белсендендірілген көмірсутегі алудың жаңа технологияларын әзірлеуге кіріспек, деп хабарлады ЕҰУ баспасөз қызметінен.
Ынтымақтастық туралы меморандумға жұмада Астанада ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов және "Парасат " ұлттық холдинг басқармасының төрағасы Әбдікәрім Зейнуллин қол қойды.