Жохар Царнаев өлім жазасына кесілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жохар Царнаев өлім жазасына кесілуі мүмкін

Жохар Царнаев өлім жазасына кесілуі мүмкін

Бостондағы жарылысты ұйымдастырды деп айыпталған жігітті АҚШ прокурорлары ең ауыр жазаға кесуді сұрап отыр.

  • 1 Ақпан 2014
  • 288
Фото - Caravan.kz


Тағылған 30 айыптың 17-іне Америка заңы бойынша өлім жазасы қарастырылған. Бір қызығы жарылыс болған және қазір сот өтіп жатқан Массачусетс штатында өлім жазасы қолданылмайды. Бірақ айыпталушы федералды заң бойынша жауапқа тартылатындықтан ең ауыр жаза түрі тағайындалуы әбден мүмкін. Ал істің алғашқы тыңдалымы қыркүйек айына белгіленіпті. Айта кетсек, осы іс бойынша екі отандасымыз да сот үкімін күтуде. Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевқа қылмысқа қатысты айғақтарды жойды деген кінә тағылған. Екеуіне қатысты сот процесі маусым айына тағайындалғаны туралы осыған дейін хабарланған болатын.