Голландиядан арнайы алдырылған залинская тұқымына жататын бұл Шекшек ата тұқымы мұнайлы өңірге қымбат дәрумендік өнім бермек. Жалпы құны 600 миллион теңге болатын бұл жоба бойынша Атырау облысы ешкі сүті өнімдерінің 40 түрімен қамтамасыз етеді. Еуропадан әкелінген ешкілер Атырау жеріне үйреніп келеді. Бүгінде 155 бас мал бар. Болашақта тағы 300 бас алынады деп күтілуде. Сол кезде кешен тәулігіне ешкінің 3 тонна құнарлы сүтін өндіреді. Қазір түрлі тексеруден өткен аша тұяқтың ахуалы жақсы, деп жазады 24.kz.
Елімізде ана сүтіне пара-пар ешкі сүтіне деген сұраныс қашан да жоғары. Егер тек осы жылдың өзінде мұнайлы өңірде 2 ана үшем, 3 ананың егіз тапқанын ескерсек, нәрестеге керекті құнарлы дәрумен өзінің тұтынушысын табары сөзсіз.