Биыл бірқатар республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл бірқатар республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы басталады

Биыл бірқатар республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы басталады

 Биыл бірқатар республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен Көлік және коммуникация министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

  • 3 Ақпан 2014
  • 272
Фото - Caravan.kz

«Астана-Павлодар, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Бейнеу-Шетпе учаскелерінде жұмыстар басталды, сондай-ақ Павлодар-Қалбатау жолының құрылысы жалғасады. Ағымдағы жылы-ақ біз жоғарыда атап өткен барлық жолдарда жұмыстарды бастаймыз», — деді ол.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, «Орталық-Батыс», «Шетпе-Ақтау» жолдары құрылыс жұмыстарын жүргізуге дайын.

«Жыл қорытындысында біз жоғары аталған үш бағыт бойынша бірқатар учаскелерді пайдалануға беріп, көлік қозғалысын ашуды көздеп отырмыз», — деді А.Жұмағалиев.