Қызының Олимпиадаға баруы үшін ата-анасы сиырларын сатып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызының Олимпиадаға баруы үшін ата-анасы сиырларын сатып жіберді

Қызының Олимпиадаға баруы үшін ата-анасы сиырларын сатып жіберді

Американдық сноубордшы қыз Кэйтлин Фэррингтонның Сочидегі Олимпиада ойындарына баруы үшін оның ата-анасы шаруа қожалығындағы барлық сиырын сатқан.

  • 3 Ақпан 2014
  • 314
Фото - Caravan.kz


24 жастағы спортшы  NBC-ге берген сұхбатында жаттығу жиындарына ақша төлеу үшін ата-анасы   Айдахо штатының  Санни-Валли фермасындағы барлық сиырын саудалағанын айтты.

Фэррингтон Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысқалы тұр. Спортшы 2008 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері,  Парк-Ситидегі (АҚШ) әлем кубогында қола еншілеген, АҚШ  Гран-приі жалпы есебінің жеңімпазы. 2013 жылғы әлем чемпионатында ол 4 орыннан көрінген.  Хафпайп бойынша сынға түседі, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.