ШҚО-ға облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-ға облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ШҚО-ға облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кеңейтілген аппарат мәжілісінде аграрлық саясат мәселелеріне жетекшілік ететін жаңа орынбасарымен таныстырды.

  • 3 Ақпан 2014
  • 438
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары қызметіне Нұрлыбек Әділғазыұлы Шерубаев тағайындалды. Облыс әкімінің төртінші орынбасарының орны осы лауазымнан Владимир Кошелев кеткеннен кейін бос тұрған еді. Бұл лауазымға дейін Н. Шерубаев Глубокое ауданы әкімі болды. Әр жылдары Өскемен қаласы мен облыс әкімдері аппараттарының басшысы, облыстың екі ауданында әкім қызметтерін атқарды.

Нұрлыбек Шерубаев 1958 жылы 11 қазанда Шығыс Қазақстан облысы  Таврия ауданының Донское селосында туған. 1983 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы  С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде құқықтану бакалавры дәрежесін алды.

2010 жылы Халықаралық бизнес университетін аяқтағаннан кейін оған мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесі берілді.