ШҚО-да ең суық температура тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да ең суық температура тіркелді

ШҚО-да ең суық температура тіркелді

Сақылдаған сары аяз Шығыс Қазақстан облысын қыспаққа алып отыр. Облыс орталығында сынап бағанасы 35 градусқа дейін төмендесе, Зырян қаласында -38 градусты көрсетті.

  • 4 Ақпан 2014
  • 367
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, тұрғындарға аса сақ болуды ескертуде. «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының маманының айтуынша,  Зырян қаласында өңірдегі ең суық температура тіркеліп, сынап бағанасы 38 градусқа төмендеген.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өскемен, Риддер қ. Жаңа Бұқтырма, Глубокое ауылдарында екінші дәрежелі ҚМЖ (қолайсыз метеорологиялық жағдай) 4 ақпаны сағат 21.00-ге дейін сақталатынын хабарлайды.