Қаңтарда Қазақстанда күнкөріс минимумы 1,7% артты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаңтарда Қазақстанда күнкөріс минимумы 1,7% артты

Қаңтарда Қазақстанда күнкөріс минимумы 1,7% артты

Қазақстанда 2014 жылы қаңтарда күнкөріс минимумы 17 мың 479 теңгені құрады.

  • 4 Ақпан 2014
  • 2548
Фото - Caravan.kz

2013 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2014 жылы қаңтар айында бұл көрсеткіш 1,7% артты, деп хабарлады статистика жөніндегі мемлекеттік агенттіктен.

Статистиктердің деректеріне қарағанда, күнкөріс минимумы көлемінің жалпы көрсеткішінде азық -түлік тауарлардың үлесі 10 мың 487 теңгені құрады, азық-түлік емес және ақылы қызметтікі – 6 мың 992 теңге.

Статведомствоның дерегіне қарағанда, өткен айда күнкөріс минимумы 13 жасқа дейінгі балаларда 13 мың 973 теңгені құрады, 14-17 жастағы жасөспірімдерде — 22 мың 124 теңге, сол жастағы қыз балаларда — 16 мың 951 теңге, еңбеке жарамды ер адамдарда — 20 мың 788 теңге, әйелдерде — 16 мың 509 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдарда – 16 мың 395 теңге.

Қазақстан халқының саны 17 млн адамнан асады.