Бұл туралы бүгін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде өткен брифингте Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев мәлім етті.
«Ең алдымен біз «Алтын апталығын» ұйымдастырғалы отырмыз. Оған еліміздегі жер қойнауын пайдаланушылар мен осы саладағы ғылыми-зерттеулер институтының өкілдері шақырылды», — дейді Комитет басшысы. Оның айтуынша, ағымдағы жылы Қазақстанның жер қойнауындағы пайдалы қазбалар жөніндегі анықтамалық шығару жоспарланып отыр.