Азаматтық авиация саласының ел экономикасына қосқан үлесі қанша? - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаматтық авиация саласының ел экономикасына қосқан үлесі қанша?

Азаматтық авиация саласының ел экономикасына қосқан үлесі қанша?

Өткен жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласының  ел экономикасына қосқан үлесі 320 млрд. теңгеге жетті.

  • 4 Ақпан 2014
  • 500
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев айтты.

Бүгінде азаматтық авиация саласында министрлік тарабынан бірқатар жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өткен ол: «Өткен жылдың ішінде қазақстандық авиакомпаниялармен 5 млн. жолаушы тасымалданды. Ал республикалық әуежайлар10 миллионға жуық адамға қызмет көрсетті», — деді.

Министрдің атап өтуінше, жоғарыда аталған көрсеткіштер 2012 жылмен салыстырғанда 9 пайызға өсім көрсеткен. 


«2013  жылы азаматтық авиация саласының Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 320 млрд. теңгені құрайды», — деді А.Жұмағалиев.